Биыл ОҚО-дағы Арыста екі көппәтерлі үйлердің құрылысы аяқталады

Арыс ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың бірінде 60 пәтер, екіншісінде - 90 пәтер болмақ. Жаңа үйлер «Көктем-2» шағынауданында салынып жатыр.
Айта кетейік, 2014 жылы «ТКШ-ні жаңарту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 75,2 млн. теңге бөлінген болатын. Бұл қаражатқа Арыс қаласында 5 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті. Сонымен бірге, баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қалалық бюджеттен тағы екі көпқабатты үйлерді күрделі жөндеуге 37,1 млн. теңге бөлінді, олар сейсмикалық жағынан да күшейтілді. Арыс қаласында шағынаудандардың инфрақұрылымын дамыту жөнінде де көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Отырар, Наурыз және Оңтүстік шағынаудандарында коммуникациялар жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді. Арыстық шенеуніктер электр желілерін жөндеуге де ақша аяған жоқ, соның нәтижесінде 5,5 млн.теңгеге 2,3 шақырым электр желілері жөнделді. Сондай-ақ өткен жылы бірқатар елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге 653 млн. теңге жұмсалды.