Биыл өнеркәсіп орындарында 6 адам мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел бойынша жыл басынан бері өнеркәсіп орындарында 17 апат болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ортақ іс. Бұл бизнес, қоғам мен мемлекеттің бірлескен жауапкершілігі. Қауіпсіздікті қамтуда мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары өте маңызды рөл атқарады. Осы орайда біздің комитеттің алдында өнеркәсіп орындарында мемлекеттік қадағалаудың тиімділігін арттыру, бақылау іс-шараларын жүзеге асыру міндеті тұр. Сонымен қатар ақпараттық технологияларды дамыту және заңнаманы өзектендіріп, жаңа қағидаттармен жұмыс істеу маңызды», - деді Нығмеджан Мақажанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, өнеркәсіп орындарында болатын апаттардың себебі әртүрлі. Дені қауіпсіздік шарасының сақталмауымен байланысты.

«Биыл жыл басынан бері өнеркәсіп орындарында 17 апатты жағдай тіркелді. Оның салдарынан 9 адам зардап шекті. Өкінішке қарай, 6 адам қайтыс болды», - дейді ол.

Бұған дейін қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған 582 өнеркәсіп жұмысының тоқтатылғаны туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар