Биыл орман өрті 20 пайызға артты - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин еліміз бойынша орман және дала өрті жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі,
None
None

«Жақын арада күн суытып, қар түседі. Осы орайда орман әрі дала өрті қатері де төмендейді. Жалпы, орман мен дала өрті бойынша тиісті қорытынды мәліметті жариялап өтпекпін. Биыл еліміздің аумағында даладағы өрт көп кездесті. 2019 жылмен салыстырсақ, өсім екі есе болды. Осы жылы дала өртінің басым бөлігі БҚО аумағында тіркелді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, былтырмен салыстырғанда орман өрті 20 пайызға артқан.

«Ауқымды жерді қамтыған өрт ШҚО, Қостанай облысында байқалды. Сәйкесінше, орман қоры үшін материалдық шығын көлемі де артты. Бұл тұрғыда Орман шаруашылығы комитетімен бірлескен шараларды пысықтадық. Осы орайда кемшіліктерді жою бағытында қажетті жұмыстар іске асырылады. Бірінші кезекте комиеттің материалдық базасын жақсарту, сондай-ақ жедел әрекет ету мақсатында біздің бөлімшелерді жұмылдыру қадамдары ескерілді», - деді Ю. Ильин.


Соңғы жаңалықтар