13:50, 10 Шілде 2016 | GMT +5
Биыл Павлодар облысында 50 жас дәрігерді жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Павлодар облысында 50 жас дәрігерді жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Алдын ала өткізілген бос жұмыс орын жәрмеңкесінің нәтижесі бойынша облыстың әр аймағына 50-ден аса жас дәрігерлерді жіберуге жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 17 -терапевт, 11 - хирург, 16 - жалпы тәжірибелі дәрігер, үш тіс дәрігерлері бар. Ал биыл ауылды аймаққа жұмысқа орналасқан тоғыз дәрігерге үй беріліп, 10 маманға баспана алуға пайызсыз несие берілді. Сонымен қатар, сегіз дәрігерге 70 АЕК көлемінде көтерме ақы берілді», - деді Нұрлан Қасымов.
2015 жылы облыста 74 жас дәрігер жұмыспен қамтылған. Оның 11-і ауылдық аймаққа жіберілген.