23:13, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Биыл Павлодарда 700 мың тоннадан астам астық жиналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жыл облыстың аграрлық секторы үшін табысты болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңір дихандары 700 мың тоннадан астам астық жинады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Картоптың өнімділігі 1,2 есеге өсті. Сондай-ақ, 2015 жылы ұзақ уақыт бойы қаңтарылып тұрған Ертіс және Уәлиханов элеваторлары қатарға қосылды. Успен ауданында жаңа екі астық сақтау қоймасы пайдалануға берілді. Мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар ет экспортын ұлғайтуға бағытталды. 1032 тоннадан астам ет өнімі шетелге экспортталды. Сондай-ақ биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласына баса мән берілді. Бұл ретте, 23 нысан іске қосылды.