14:44, 22 Қазан 2013 | GMT +5
Биыл прокурорлардың араласуымен 11 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, 1 мың лауазымды тұлға жазаланды
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Биыл прокурорлардың араласуымен 11 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, 1 мың лауазымды тұлға жазаланды.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов мәлім етті.
«Жалпы биылғы жылы прокурорлардың араласуымен 11 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, 1 мың лауазымды тұлға жазаланды», - деді ол.
Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, биылғы жылы жоспарланған 2 мың заңсыз тексерулер анықталған болса, былтыр осы көрсеткіш 13 есеге көп болып, 26 мыңды құраған.
«Әрине, бұл бағыттағы біздің жұмысымыз тек шаралармен шектеліп қалмайды. Оның үстіне аталған сын тек жоспарланған тексерулерге қатысты»,- деді Ж.Асанов.