13:43, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
Биыл «Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы» учаскесі тапсырылады - Б. Атамқұлов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы» учаскесі тапсырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, негізгі көліктік торап - ол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі. Ұзақтығы 420 шақырым болса, оның 229 шақырымын тапсыру жұмыстары жүргізілуде.
«Егерде бағыттар бойынша тоқталатын болсақ, «Шымкент-Қызылорда облысы шекарасы» аралығы толықтай аяқталды; «Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы» учаскесі ағымдағы жылы тапсырылады»,-деді әкім.
Белгілі болғандай, облыстың маңыздағы жолдардың ұзақтығы - 4,4 мың шақырым, оның ішінде 62 пайызы қанағаттанарлық және жақсы жағдайда. 2015 жылы 558 шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүргізілді.