Биыл Шымкентте 124 көше жөнделеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл Шымкентте 124 көшені жөндеу жоспарланған. Кейбір учаскелерде жұмыс басталып та кетті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Бұдан бөлек, 13 магистральдік көшені және қаланың алты шағын ауданында кварталішілік жолдарды қайта жасау, үш тратуар, бір жаяу жүргінші жолағы құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша былтыр да көптеген жұмыстар атқарылды.

«2014 жылы қалалық бюджеттен жол құрылысы, қайта жөндеу, жөндеу жұмыстары, жол қозғалысын реттеуге арналған техникалық құрылғылар жүйесін қосу және олардың жұмыс істеп тұруына 738,9 млн. теңге бөлінген», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл қаржыға 14 ескі бағдаршам ауыстырылды. Басқа көшелерге жаңа бағдаршамдар қойылды. 39 жаяу жүргінші жолағында, 140 оңға бұрылатын тұста жол нұсқау белгілері қойылды.

Бұдан бөлек 28 жаяу жүргінші жолағына жарық шашатын модуль қондырылды. 7 көше бойына жалпы ұзындығы 5,8 км болатын қоршау орнатылды.

Мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылы бағдаршамдарында кері санау жүйесі бар жол қиылыстарының саны 18-ге жеткен.

Соңғы жаңалықтар