Биыл Шымкентте 15 тұрғын үй пайдалануға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазақстан Тұрғын үй - Құрылыс Корпорациясы» АҚ арасында мемлекеттік «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын бірігіп жүзеге асыру мақсатында екі жақты меморандумға қол қойылмақ. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Елбасы Н.Назарбаев өзінің Жолдауында жыл сайын елімізде кем дегенде 6 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілуі керектігін тапсырған болатын. Осыған орай, Үкімет 2012 жылы «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын бекітті. Тұрғын үй құрылысының сапалы әрі дер кезінде жүзеге асуы үшін «Қазақстан Тұрғын үй - Құрылыс Корпорациясы» АҚ құрылғаны белгілі. Корпорацияға құрылыстың барлық технологиялық процесін бақылау - жобалаудан бастап тұрғын үйді қабылдау тапсырылған» делінген баспасөз баянында.

Тоқтала кететін жайт, жүктелген міндетті жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 2013 жылы 15 млрд.теңге бөлінді. Соның нәтижесі ретінде 2014 жылдың алғашқы жартыжылдығында «Қазақстан Тұрғын үй Құрылыс Корпорациясы» АҚ еліміздің 3 аймағында 20 тұрғын үй нысанын тапсырады.

«Оның ішінде Шымкент қаласында 1080 пәтерлік 9 қабатты 15 тұрғын үй салынады» делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар