Биыл Сингапурда Қазақстанның 140 кәсіби-техникалық қызметкері білім алуда

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Биыл Сингапурда Қазақстанның кәсіби-техникалық жүйесінің 140 қызметкері білім алуда.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен конференцияда «Кәсіпқор» холдингі басқарамысының төрағасы Аяна Манасова хабарлады.

Оның айтуынша, бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Наньянг Политекник (NYPI) Институты арасында қол қойылған меморундумның арқасында мүмкін болды. Бұл бағдарлама бойынша кәсіби-техникалық училищелердің басшылары ғана емес, бұл салаға жетекшілік ететін білім басқармасының қызметкерлері де білім алуда.

Оқыту бағдарламасына тиімді басқару, электрондық оқыту, оқу мекемесінде өндірістік ортаны модельдеу, студенттер мен оқытушылардың кәсіпорындардың тапсырыстарымен ғылыми-қолданбалы зерттеулерін ұйымдастыру тәжірибесі кіреді.

NYPI кәсіби-техникалық оқытудың танымал көшбасшыларының бірі болып табылады. Онда 16 мың студент білім алуда. Жалпы алғанда Сингапурдың кәсіби-техникалық оқыту саласында табысты тәжірибесі бар. Ел колледждеріндегі түлектердің 40 пайыздан астамы негізінен трансұлттық компанияларға жұмысқа орналасып, лайықты жалақы алады.

Соңғы жаңалықтар
telegram