Биыл СҚО-да 330 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл соңына дейін СҚО-да 330 мың гектарға жуық жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы СҚО әкімі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жыл соңына дейін 330 мың гектарға жуық жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. Бұл жерлер болашақта егіс алқаптары мен жайылымдық жерлерді кеңейту үшін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 223,4 мың гектар жер қор жерлеріне жатады. Ол жерлерді халыққа малын жаю үшін және конкурс арқылы ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысқысы келетін адамдарға беру жоспарланып отыр», - деді Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, облыс басшысы биыл өңірде егістік алқабының ұлғайғанын айтты.

«Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егістері 90 мың гектарға ұлғайып, 4,5 млн гектар болды. Оның ішінде майлы дақылдар шамамен 1 млн га жерге егілді. Ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қанықтыру үшін қарақұмықтың егістік алқабы 3 есе артты. Осылайша, картоп, сәбіз және қырыққабаттың егістік алқабы 2 есе ұлғайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар