Биыл студенттер үшін 11 мың орындық 32 жатақхана пайдалануға беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы елімізде студенттер үшін 11 мың орындық 32 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жатақхана салуда құрылыс және одан әрі пайдалану қолданыстағы құрылыс, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қатаң сәйкес жүзеге асырылуы керек. Бүгінгі таңда аралық нәтижелер бар - 30 630 орындық 124 жатақхана пайдалануға берілді. Сондай-ақ алдын ала жасалған шарттар, жергілікті бюджет қаражатынан нысаналы құрылыс, меншікті қаражат және демеушілік қаражат есебінен 2022 жылы 11 мың орындық 32 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді А. Ибраимов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Асқар Ибраимов қазіргі кезде 63 мыңға жуық студент жатақханадағы орынға мұқтаж екенін айтты.
Сонымен қатар ол студенттерге арналған жатақхана құрылысында жекеменшік сектордың
қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы түсінік берді.