Биыл ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлектердің саны едәуір аз болды

Бірінші кестеде үш негізгі пән бойынша салыстырмалы нәтиже көрсетілген.

Егер осы пәндердің орташа балдарын салыстыратын болсақ, онда олар бір деңгейде қалып отыр. Ал «Математика сауаты» пәнінен нәтиженің 0,8 балға жақсарғаны байқалады.
Екінші кестеде бейіндік пәндер комбинациясы аясында жиналған ең жоғары/орташа балдар туралы ақпарат ұсынылған.

Бұл - талапкерлердің жақсы дайындығы мен ҰТО тарапынан қолдау шараларының нәтижесі.
Естеріңізде болса, оқу жылының басында testcenter.kz сайтында тарихтан 100 дата, қазақ және орыс әдебиетінен шығармалар тізімі орналастырылып, ҰБТ-ның өзінде талапкерлерге Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқалары берілді.
Сондай-ақ, биыл алғаш рет талапкерлерге әр пәннің тақырыптары бойынша тест жоспары жарияланды.
Сонымен қатар, оларға онлайн байқау сынақтары мен тегін онлайн сабақтар қолжетімді болды.
Әрі қарай диаграмма шекті балл жинаған барлық талапкердің нәтижелерін көрсетеді.

Алайда, 2023 жылы жоғары балл жинаған тест тапсырушылардың саны аздап төмендеп отыр.
Егер 2022 жылы 3179 түсуші 120-дан астам балл жинаса, 2023 жылы олардың саны 2868 болды.
Сондай -ақ, 2022 жылы ең жоғары балл 138 балды,(постмониторингтен кейін 139 балл жинаған талапкерлердің сертификаттары жойылды), 2023 жылы – 137 балл.
«Жазбамның соңында естеріңізге сала кетейін, 31 қазанға дейін тестілеудің бейнежазбасына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылады. 2022 жылы мұндай тексерістен кейін 217 адамның нәтижесі жойылды», - деп атап өтті орталық директоры.