Биыл Ұлттық банк 24 тонна алтын сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ҚР Ұлттық банкі 24 тонна алтын сатып алды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.
None
None

«Былтыр Қазақстанда шамамен 46 тонна өңделмеген алтын өндірілді. 27,5 тонна аффинирленген алтын алдық. Тек сегіз тоннаға жуық алтын кені Ресейге өңдеуге жіберілді. Ал ағымдағы жылы тек төрт тонна алтын ғана Ресейге өңдеуге жөнелтілді. Ал заң жобасы күшіне енсе, бұл алтын кендері де толық Қазақстанда өңделеді», - деді заң жобасы бойынша баяндаған министр Әсет Исекешев. Құжатты талқылау барысында депутат Омархан Өксікбаев Қазақстанның Алтын қорының жетпіс пайызына дейін шетелдік банктерде жатқанын айтып, оны қайтару мәселесін көтерген болатын. Осыған байланысты Ұлттық банк өкілі мәлімет беріп өтті. «Бүгінгі күні Ұлттық банкте 115 тонна алтын бар. Банкке алтынды сатып алу басымдығы берілгені белгілі. Осыған орай, ағымдағы жылы Ұлттық банк 24 тонна алтын сатып алды. 2014 жылы 24,6 тонна 2013 жылы 22 тонна сатып алынды. Яғни, алтынның негізгі бөлігі Алтын валюталық резервтерден құралып отыр. Ондай резервтер белгілі бір табыстар әкелуде», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Соңғы жаңалықтар