12:35, 15 Ақпан 2016 | GMT +5
Биыл Универсиада-2017 нысандарына 33,6 млрд. теңге бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев биылға Универсиада-2017 бюджетін жариялады.

«Алматыда Универсиада-2017 шарасын сәтті өткізу үшін 33,6 млрд. теңге бөлу жоспарлануда, оның ішінде 10,9 млрд. теңге 3 мың және 12 мың орындық мұз ареналарын аяқтауға көзделген», - деді министр.
Е. Досаевтың сөзіне қарағанда, жалпы соманың ішіндегі 4,8 млрд. теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысындарының құрылысы мен қайта жаңартуға, ал 17,9 мдрд. теңге Алматыда Универсиада шараларын өткізуге бағытталады.