Биыл үш ауысымдағы және апатты оқу орындарын жою мақсатында 30-дан астам мектеп салынады - БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай студенттер кең жолақты интернетпен 100 пайызға қамтылады. Бұл туралы бүгін Астанада Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті.

 Биыл үш ауысымдағы және апатты оқу орындарын жою мақсатында 30-дан астам мектеп салынады - БҒМ

«Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында үш ауысымда оқытатын және апатты жағдайдағы мектептерді жою үшін биыл министрлік әрқайсысы 300 орыннан асатын 34 жаңа мектеп салып, Ұлттық қор қаржысы есебінен тағы 42 мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отыр», - деді министр.

Бұдан бөлек, Е. Сағадиев мектептер мен жоғары оқу орындарын жоғары жылдам интернетке қосу мәселесіне тоқталды. Осы тұрғыда биыл жоғары жылдамдықты желіге тағы 2 мың мектеп қосылуда, сондай-ақ сандық Қазақстан аясында алдағы үш жылда  1,5 мың мектеп қамтамасыз етіледі.

«2020 жылға қарай оқушылардың  90 пайызға дейін үлесін және студенттерді 100 пайызға кең жолақты интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсаты белгіленді», - деді министр.

null null