Биыл жалағаштық диқандар 18049 гектар жерге бітік күріш өсірді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының диқандары ағымдағы жылы 18049 гектар жерге бітік күріш өсірді. Бүгінде аудан егіс алқаптарында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл аудан бойынша егілген күріштің 67 пайызы жергілікті селекциялық мутагенез әдісін қолдану арқылы шығарылған «Маржан» болса, 2-3 пайызын Ресейдің жаңа селекциялық «Лидер», «Янтарь», «Новатор» сорттары құрайды.
None
None

Аудан ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қыркүйек айы басталғалы бері аудан бойынша күріштің 4662 гектары орылып, 3004 гектары бастырылған. «Байтабан» ЖШС 760 гектар күріштің 290 гектарын орып, бастырылған күріштің әр гектарына 50 центнерден, «Еңбек-Жер» ЖШС 1050 гектар күріштің 463 гектарын орып, әр гектардан 40центнерден, «Сәрке батыр» ЖШС 1504 гектар күріштің 437 гектарын орып, 43 центнерден, М.Шәменов ЖШС 708 гектар күріштің 180 гектарын орып, 41 центнерден өнім алуда.

Аудан диқандары алдағы уақытта егін жинауды 25 қыркүйекке дейін бітіріп, әр гектардан 45 центнерден өнім алуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар