Биыл Жамбыл облысында 268,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Жамбыл облысында 268,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Соңғы жылдарда Жамбыл облысында құрылыс қарқын алды. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламаға сәйкес тұрғын үй құрылысы басты назарда», делінген хабарламада.

Атап айтқанда, облыс бойынша пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 292,4 мың шаршы метрді құрап, соңғы екі жылда 13,3%-ға артты. Жекеменшік секторда 236,1 мың шаршы метр, мемлекеттік секторда 37 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды.
«Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы жалпы 259,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Оның ішінде кезекте тұрған азаматтар үшін 12,6 мың м2 құрайтын 3 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды және аталған бағыт бойынша 505,0 млн теңге бөлініп, игерілді.
Несие бойынша тұрғын үйге 945,5 млн теңге қарастырылды.

Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар 13,2 млрд теңге, оның ішінде 9,5 млрд теңгесі - жеке құрылысшылар қаражаты, 3,2 млрд теңге - республикалық бюджеттен және 447,2 млн теңге - жергілікті бюджет қаражаттары.

Соңғы жаңалықтар