Биыл Жамбыл облысында 640,0 мың тонна фосфор өнімдері өндірілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Жамбыл облысында 640,0 мың тонна фосфор өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірілік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы, Сарысу ауданының әкімі Жайлыбаев Бейбітбек Шындалыұлы айтты.
None
None

«Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір арқылы үлкен жоба «ЕвроХим-Тыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау-кен өндеу кешені іске қосылды.

Бұл кәсіпорын 2015 жылы 319,8 мың тонна өнім өндірді, биыл 640,0 мың тонна фосфор өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр.
Осы жылдың 2 айында 53,8 мың тонна өнім өндірді (добыча-38,0 тыс тн, пр-ва ф/муки- 15,8 тыс тн).

Өндірілген өнімнен Еврохим БМУ - ға (Россия) 20,9 мың тонна, Белоруссияға (Гомель химзавод) - 3,5 мың тоннасы жөнелтілді.

2016 жылы Россияға 350,0 мың тонна фосфор ұны жіберілетін болады. Сонымен қатар, «ЕвроХим-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Жаңатас қаласындағы фосфаттарды қайта өңдейтін химиялық кешен (2 кезең)» құрылысын жүргізуде. Кешен 2019-2020 жылдары іске қосылады. Жобаның құны - 950,0 млн. АҚШ доллары»,- деді әкім.

Соңғы жаңалықтар