Биыл жастар жобалары мен бастамаларын қаржыландыруға 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді

АСТАНА.  1 тамыз. ҚазАқпарат -Биылғы жылы жастар жобалары мен бастамаларын қаржыландыруға 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада жастар ұйымдарының басшыларымен кездесіп, Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдама жобасы талқылау барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Әлия Ғалымова  мәлім етті.

«Соңғы жылдары елімізде жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру еселеп өсіп келеді. Мәселен, 2012 жылғы орталық деңгейдегі бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаражат жастар жобалары мен бастамаларын қаржыландыруға бөлініп отыр. Бұл 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 75 пайызға артық. Яғни, соңғы екі жылда жастар саясатын қаржыландыру көрсеткіші 75 пайызға артты», - деді Жауапты хатшы.

Оның айтуынша, елімізде жүзеге асып жатқан бағдарламалар жалпыұлттық деңгеймен қоса жергілікті деңгейде де қаржыландырылуда. Сондай-ақ, Ә. Ғалымова бүгінгі таңда жастар саясаты мәселелерін қамтыған жаңа заң жобасы әзірленгенін, аталған құжаттың Парламент Мәжілісінда талқыланып жатқанын жеткізді. Айта кетерлігі, заң жобасына бүгіннің өзінде депутаттар тарапынан 127-ге тарта түсетулер енгізілген. «Депутаттар енгізген түзетулер негізінен жастарды баспанамен, жұмыспен қамтуға, жас маман мәртебесін айқындауға бағытталып отыр», - дейді Ә. Ғалымова.

Соңғы жаңалықтар