Биыл Жайық өзені арқылы өтетін автожол көпірі құрылысы басталады - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биыл Ақжайық ауданы Чапаев ауылы тұсында Жайық өзені арқылы өтетін автожол көпірі құрылысы басталады.
None
None

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеевтің айтуынша, бұл мақсатқа бастапқыда республикалық бюджеттен 500 млн. теңге қарастырылмақ. Жалпы, аталмыш көпірдің стратегиялық маңызы бар. Осы нысан іске қосылған кезде Ресейдің Волгоград облысымен жалғасып жатқан Жәнібек-Қазталов-Чапаев жолы тікелей көпір арқылы Сырым ауданына қарай өтіп, одан Ақтөбе жолына қосылып, едәуір қысқарады.

Айта кетейік, 2015 жылы өңірде жол құрылысына 6318,304 млн. теңге қаралса, соның ішінде 2618,304 млн. теңгесі жергілікті, 3700,0 млн. теңгесі республикалық бюджет арқылы бөлініп отыр. Осы қаржыға негізінен аудан орталықтары және ауылдарға апаратын жолдар жөнделмекші.

Соңғы жаңалықтар