Биыл жазда Астана мен Сеул арасында жаңа әуе бағдары ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы тікелей әуе бағдарлар Астананы Орал, Сеул, Тбилиси және Парижбен байланыстыратын болады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызсметінен хабарланды.
None
None

Жаңа бағыттар «Нұрлы жол» бағдарламасына (көліктік логистиканың сәулелік принципі) сәйкес еліміздің көліктік-логистикалық жүйені жетілдіру аясында ашылуда.

Атап айтқанда, қазіргі кезде екі бағыт ашылып үлгерілді. 29 наурызда «Эйр Астана» авиакомпаниясы «Боинг-757» әуе кемесімен Астана - Париж бағытында өзінің алғашқы тікелей рейсін атқарды. Астанадан Парижге беттеген рейсте 71 адам, ал Парижден Астанаға дейінгі рейсте 54 адам болды. Рейстер аптасына үш рет (сәрсенбі, жұма және жексенбі) іске асырылатын болады. Ұшу уақыты 7 сағатқа созылады.

Өткен жылғы қазан айында Қазақстан және Францияның авиация саласының билік басындағылар келіссөздер жүргізген болатын. Тараптар қазақстандық тасымалдаушылардың тұрақты рейстер атқаруы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Мұнымен қоса, 29 қазанда «Эйр Астана» авиакомпаниясы күн сайынғы Астана - Орал - Астана авиамаршрутын ашты. Рейстер «Эйрбас-320» және «Эмбраер-190» типті әуе кемелерімен атқарылады.

«Сонымен қатар, биылғы жылғы жазда Астанадан Сеулге және Тбилисиге жаңадан халықаралық бағыттар ашу жоспарлануда. Осы бағыттарда да тасымалдаушы ретінде «Эйр Астана» әуе компаниясы болады»,-делінген министрлік мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар