«Биылдан бастап 25 пайызға өскен алғашқы зейнетақымды алдым» - зейнеткер

АҚТАУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - «Ұлы Отан соғысы кезінде дүниеге келген ұрпақпыз. Сондықтан тірліктің ащы дәмін ерте таттық десе де болады. Сонда да мойымай өмір бойы жұмыс істеп, көп балалы ана атандық. Енді сол бейнетіміздің өтеуі болар, ел бастап отырған азаматтардың арқасында зейнет жасымызда бізге көп көмек көрсетіліп отыр.
None
None
Соның дәлелі, биылдан бастап зейнетақы мөлшерінің көбейіп отырғандығы. Өзім кеше ғана 25 пайызға көбейген алғашқы зейнетақымды қолыма алдым. Қарттарды қолдап, қорған болып отырған мемлекетімізге, осындай саясат жүргізіп жатқан ел Президентіне алғысымыз шексіз!», - дейді 70 жастағы ақтаулық зейнеткер Сырға Сарбаева. «Өзім бұған дейін 18 мың теңге көлеміндегі зейнетақымды алып келдім. Ал осы жылдың қаңтар айында зейнетақым 20 мың теңгеге жетіпті. Жас келген сайын сыр беретін денсаулығымызды күтіп, дәрі-дәрмек алуымызға, анау-мынау той-садақамызға апаруға, болмаса балалардың жетпесіне беріп, немерелеріме керегін алып беруге жұмсайтын зейнетақымның көбейгені қуантып тастады. Ал кейбір нашар тұратын зейнет жасындағы жандарға бұл кәдімгідей көмек деп ойлаймын. Атамекенімізге көппен бірге еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Түрікменстан елінен қайтып оралдық. 20 жыл жұмыс істедім. 8 баланы дүниеге әкеліп, ұлды - ұяға, қызды - қияға қондырып, солардың қызығын көріп отырған жайым бар. Бәрі де ауызбіршілік пен ел ішіндегі тыныштықтың арқасы. Осындай сүттей ұйыған мемлекетімізде біз сияқты қарияларға қарасып жатқан азаматтарымыз аман болсын!», - дейді Сырға әжей.
Соңғы жаңалықтар