Биылғы 10 айда «ҚазМұнайГаз» 18,6 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 10 айда «ҚазМұнайГаз» тобы бойынша мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 18 млн. 599 мың тоннаны құрады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде таратылған баспасөз хабарламасында көрсетілген.
None
None

Хабарламада, сондай-ақ, табиғи газды өндіру көлемі 3 868 млн. текше метрді құрап, жыл жоспары бойынша 5 пайыздық өсімді көрсеткен.

«Мұнайды магистральдік құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 51 147 мың тоннаға жетіп, былтырғыкөрсеткіштен 3 пайызға азайған. Ал теңіз жолы арқылы тасымалдау көлемі биылғы есептік кезеңге дейін 8 084 мың тоннаны құрап,былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 9 пайызға артты», - делінген хабарламада.

Магистральдік газ құбырлары арқылы газды тасымалдау 86 663 млн. текше метрді құрады. Осының ішінде халықаралық транзит 65 485 млн. текше метр, Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз ету - 11 699 млн. текше метр және экспортқа шығару - 9 479 млн. текшеметрді құраған.

«2014 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығындағы мұнай өңдеу көлемі 12 393 мың тоннаны құрап, былтырғы көрсеткіштен 6 пайызға өсті», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар