12:26, 10 Ақпан 2011 | GMT +5
Биылғы Халықтар достығы мерекесі жаңа үлгіде аталып өтпек - ҚХА
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында мамыр айы еліміздегі ұлтаралық келісім мен толеранттылық тақырыбына арналып отыр.
Сондықтан біз Қазақстан халықтары достығы мерекесін кеңінен атап өтетін боламыз. Бұл туралы бүгін Астанада басталған республикалық семинар-жиналысында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов мәлім етті.
«Тәуелсіздік күніне арналған өзінің баяндамасында Ұлт көшбасшысы халықтар арасындағы достық дәстүрлерінің сабақтастығына назар аударып, оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Сондықтан ол Қазақстан халықтары достығы мерекесін атап өтудің жаңа тұжырымдамасын әзірлеп, бұл күнді жаңа үлгіде тойлауды тапсырған. Бұл іс-шараларды ағымдағы жылы атқару көзделіп отыр», - деді Е.Тоғжанов.