Биылғы қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанның 13 аймағында өндіріс көлемі артты

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанның 13 аймағында өндіріс көлемі артты.
None
None

Бұл туралы Статистика агентігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз мәліметтері бойынша, аталған уақыт аралығында елімізде 2010 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көмір, табиғи газ, шикі мұнай, металлургиялық рудалар өндіру көлемі де артқан. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер бойынша, химиялық және металлургиялық өнеркәсіп өнімдері мен машина құрылысы және құрылыс материалдарын өндіру көлемі артқан. Қорыта айтқанда, өндіріс көлемі еліміздің 13 аймағында артып отыр. Ал Қостанай мен Қызылорда облыстарында өндіріс өнімдерінің көлемі өткен жылдың көрсеткіштерімен сәйкес. Маңғыстау облысында өндіріс керісінше кеміген.

Соңғы жаңалықтар