Биылғы қазанда дайын өнiмге сұраныс жоғарылады

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары ағымдағы жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың жоғарлауын және өнеркәсіп көлемінің өсуін атап өттi, бұл олардың іскерлік белсенділігінің өсуін айғақтайды. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.
None
None
Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа өсіп, (+11)% құрады. Жақын арада, яғни 2013 жылғы қаңтарға дейiн кәсіпорын басшылары көпшілігінің бағалауы бойынша iскерлiк белсенділіктің өсуін күтеді. 2013 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша тұтынушылық сұраныс пен іскерлік белсенділік артты. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 8 пайыздық тармаққа өсіп, (+15)% құрады.
Соңғы жаңалықтар