10:57, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
Биылғы мамырда Елбасы Қытайға мемлекеттік сапармен барады - Қазақстанның ҚХР-дағы елшісі
АСТАНА-БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Биылғы мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға сапарлайды. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінде сайттың қытай тіліндегі нұсқасын іске қосуға арналған Астана мен Бейжің арасындағы тікелей бейнебайланыс барысында Қытайдағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.
Екі елдің арасындағы ынтымақтастық деңгейі күн сайын артып келе жатқанына тоқталған Елші, «Сайттың қытай тіліндегі нұсқасы дер кезінде қосылып отыр. Атап айтқанда «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің қытай тіліндегі нұсқасы биылғы мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары қарсаңында ашылып отыр», - деді.
Сонымен қатар Н. Ермекбаев алдағы аптада ҚР Сыртқы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚХР-ға ресми сапармен баратынын жеткізді.