Биылғы жарты жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11 пайызға артты - Статистика агенттігінің төрағасы Ә.Смайылов

Бұл тралы бүгін бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикаторларды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады және ол ішкі жалпы өнімнің 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстеріне негізделеді. «Сондай-ақ биылғы жылдың қаңтар-маусым айларындағы өнеркәсіп өндірісі көлемі 5 миллиард 513,5 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 11 пайызға артық болды. Сонымен қатар тау-кен өндірісі мен карьерлердегі өндіру өсімі 18,3 пайызды, ал электрмен қамтамасыз ету, газ беру 8,1 пайыз, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі жайы 7,8 пайыз болды», деді агенттік төрағасы.