Биылғы Жолдау уақыт тамырын дөп басты - Ғ.Садыров, БҚО
«Жолдауды мен халық көкейінде жүрген мәселелерге қатысты алға тек міндет артып қана қоймай, істі орындау жолдарын өте дәйекті көрсетуімен құнды деп есептеймін. Қай сала болмасын, Елбасы алда тұрған міндеттерді нақты көрсетті. Соның ішінде ауыл тұрғындарына да көптеген жақсылықтар жасалатын болады. Демек, алтын бесік - ауылдарымыздың бағы аспандай түспек. Ақжарылқап заман деген осы емес пе! Ауылдарда 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнының пайда болатыны, 100 мың тұрғынның жақсы табыспен қамтылатыны республикамыздың келешегі көрікті бола түсеріне керемет кепіл. Еліміздегі бүгінгі берекелі бетбұрыстар, алға белгіленген межелер, түптеп келгенде, адам қамы, тәуелсіздікті баянды ету жолындағы нақты қам-қарекет. Соның бәрін барлық қазақстандықтар секілді, менің ауылдастарым да лайықты бағалап отыр», деді Ғ.Садыров.