Биылғы жылдан бастап коммерциялық жылжымайтын мүлік бағасына статистикалық бақылау жүргізіледі - алқа мәжілісі

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылдан бастап коммерциялық бағыттағы жылжымайтын мүлік бағасына статистикалық бақылау жүргізіле бастайды. Бұл туралы бүгін Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш агенттік төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, болашақта бағаға қатысты мәліметтердің сапасын арттыру үшін бағаларды тіркеу мен алғашқы ақпараттық бақылауды қағазсыз технология негізінде жүргізу шарасы қолға алынбақ. «Бұл шараны біз осыған дейін Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жүзеге асырылатын шаралар аясында қолға алмақ болғанбыз», - деді агенттік төрағасы.

Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, статистикалық жұмыстардың мәліметтері негізінде 2010 жылы агенттік өкілдері 189 статистикалық бақылау жүргізіп, оның аясында 190-нан астам заңды тұлғалар мен филиалдарды және өкілдіктерді тексерген.

Соңғы жаңалықтар