15:40, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Биылғы жылдың 16 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында ОСК-ға 12 өтініш түсті
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Биылғы жылдың 16 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Орталық сайлау комиссиясына 12 өтініш түсті»,-деді бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Оның мәліметтерінше, өтініштердің 8-і - саяси партиялардан, 1-і -мәслихаттан, тағы 3-уі бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардан. «Келіп түскен 11 өтініш заңның кейбір баптарын түсіндіруге қатысты. Олар бойынша өтініш иелеріне тиісті түсініктемелер жолданды»,-деді ОСК төрағасы.
Осы отырыс барысында ОСК мүшелері Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан келіп түскен тағы бір өтінішті қарады.