Биылғы жылдың 9 айында тіркелген қылмыстар саны артты

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 9 айында тіркелген қылмыстар саны 52,5%-ға( 137789-дан 210133-ке), оның ішінде ауыр қылмыстар 10,5%-ға (20419-дан 22561-ге) артты.
None
None

Қылмыстардың артуы Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігінің тіркеу тәртібін күшейту жөніндегі қабылдаған шараларымен, сондай-ақ биылғы жылы қылмыстардың барлық түрлерін қабылдау мен тіркеу турасындағы бірыңғай жүйесін енгізумен түсіндіріліп отыр. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева айтты,

Белгілі болғандай, қылмыстылықтың өсуі  бұрын есепке алудан көп жағдайда жасырылып келген мынандай қылмыстардың: яғни, ұрлықтың 66,2%-ға, бұзақылықтың 93,8%-ға, алаяқтықтың 57%-ға, тонаудың 25,2%-ға артуы себебінен орын алды.

Оның сөзінше, еліміздегі қылмыстылық жағдай күрделі емес, осы орайда алаңдаудың еш реті жоқ. Атап айтқанда, жасырылып келген қылмыстарды көлеңкеден шығару жөніндегі жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жұмыстар «тіркелген» қылмыстылық санының артуына себеп болды.

Соңғы жаңалықтар