Биылғы жылдың басынан бері 32 келіден астам героин тәркіленді - ҚР ІІМ

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 2 айдың нәтижесі бойынша ішкі істер органдары 690 есірткі қылмысын, оның ішінде 403 сату фактісін анықтады. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланды.

Биылғы жылдың басынан бері 32 келіден астам героин тәркіленді - ҚР ІІМ

Есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың және контрабанданың 14 фактісінің жолы кесілді. 833 кг әртүрлі есірткі, оның ішінде 32 келі 350 грамм героин тәркіленді. Әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке 1312 адам тартылды.

Есірткіге тәуелділер саны 46 мың адамнан (2011 ж.) 2012 жылы 40 мың адамға дейін азайды, яғни бұл республика халқының 0,1пайызын құрайды.