Биылғы жылдың соңында Астанадан Теміртауға дейін бір жолақта көлік қозғалысы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов Қарағанды облысына іссапары барысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы «Орталық-Оңтүстік» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы көшпелі жиын өткізді.
None
None

Ұлттық компанияның жетекшісі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Астана - Рождественка - Киевка - Теміртау автожолдарында орта және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бөліктерді тексеріп, мердігер ұйымдардың есебін тыңдады, деп хабарланған «ҚазАвтоЖол» сайтында. Қазіргі уақытта Анар-Теміртау тас жолының жалпы ұзындығы 92,7 шақырым болатын 4 бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба негізінде жолды әлдеқайда жоғары техникалық дәрежеге ауыстыру көзделген. Жетілдірілген көпір құрылыстарымен және әр түрлі сатыдағы замануи көлік айырымымен 4 жолақты жол болады. 65,3 шақырым жолға цемент-бетон төселеді, 27,6 шақырымның үстіңгі қабаты қиыршық тас-мастикадан жасалған асфальт-бетон төсемімен қапталады. Жалпы алғанда, облыс тұрғындары үшін құрылыс жүргізіліп жатқан бөліктерде 1000-нан аса жұмыс орындары құрылып, 405 дана техника жұмылдырылған. 4 цементбетон зауыты, асфальтбетон зауыты, 4 бетон-төсегіш кешені жұмыс істеуде. Жыл соңында Астанадан Теміртауға дейін бір жолақта көлік қозғалысын ашу жоспарлануда. Автожол толығымен «ЭКСПО-2017» қарсаңында 2016 жылдың соңында аяқталады. «Астана-Теміртау» автожолын қайта жөндеуден өткеннен кейін 4 жолаққа кеңейтіліп, І техникалық дәрежеге жатқызылады. Сондай-ақ Теміртау-Қарағанды, Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналымы, Ақсу-Аюлы-Ақшатау, Қарағандыдан Сарышағанға дейінгі бөліктердің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ермек Қизатов жиынды қорытындылай келе компанияның Қарағанды облыстық филиалының және мердігер ұйымдардың жетекшілеріне облыстағы республикалық автожолдардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылау қажеттігі туралы бірқатар тапсырмалар берді. Әрі, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан барлық жолдар сапалы әрі уақытында орындалуы керек, дегенді қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар