Биылғы жылғы бюджет тапшылығы 80 млрд. теңгеге төмендетіледі - Е. Досаев

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың нақтыланған бюджет жобасына сәйкес, республикалық бюджеттің тапшылығы 80 млрд. теңгеге немесе ішкі жалпы өнімнің 0,2 % төмендетіліп, 790,6 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында мәлім болды.
None
None

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, 2013 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға макроэкономикалық көрсеткіштердегі өзгерістер мен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау негіз болған. Министрдің сөзіне қарағанда, 2013 жылы экспорт көлемі 87 млрд. 536,7 млн. доллар шегінде болады. Ал импорттың көлемі 2 661,4 млн. долларға ұлғайып, 53 834,0 млн. АҚШ долларын құрайтын болады.

«2013 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері
5 трлн. 242,5 млрд. теңге көлемінде немесе бұған дейін бекітілген бюджетпен салыстырғанда 14,4 млрд. теңгеге ұлғаятыны анықталды.

Кірістердің болжамы (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) 3 трлн. 608,3 млрд. теңге көлемінде бағаланады немесе бекітілген көлемнен 20 млрд. теңгеге жоғары. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 6,9 млрд, теңге және салықтық емес түсімдер бойынша - 13,1 млрд. теңгеге ұлғаяды», - дейді министр Е. Досаев.

Соңғы жаңалықтар