Биылғы жылы ақмолалық диқандар 4,2 миллион гектар алқапқа дән егуді межелеп отыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы ақмолалық диқандар 4,2 миллион гектар алқапқа дән егуді межелеп отыр. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен өткен мәжілісте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Димаш Таласбаев мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, ағымдағы 2015 жылы 4,6 миллион га жерге жаздық егістік жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 4,2 миллион гектар жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 290,9 мың гектарға майлы дақылдар, 18,5 мың гектарға картоп және 4,4 мың гектарға көкөніс егілетін болады.

Сонымен қатар, жем-шөп дақылын себу көзделген. Оның аумағы 561,5 мың гектарды құрамақ. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 31,7 мың гектарға артық.

«Облыс бойынша көктемгі егіс науқанын жүргізу үшін 523,6 мың тоннаның тұқым қажет. Дәл бүгінгі күні тұқым қоры 100 пайызға дайын. Техникалар да сақадай сай. Егін науқанына 17 мың бірлік тұқым сепкіш, 1026 бірлік өнімділігі жоғары егістік кешендері жұмылдырылады», - деді Д.Таласбаев.

Мәжілісті қорытындалаған облыс әкімі барлық жауапты тұлғаларға шаруашылықтарды тұқыммен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар