21:39, 06 Мамыр 2009 | GMT +5
Биылғы жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 12 студенті ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – 2009 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 12 студенті шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға аттанады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тоғыз студент Канадада, АҚШ-та, Сингапурда және Малайзияда бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын болады. Үш студент АҚШ және Ұлыбритания жоғары оқу орындарында магистратурадан өтеді. «Қазір балалар өздері таңдап алған жоғары оқу орындарында оқуға даярлануда және құжаттарын рәсімдеумен айналысуда», ? деп хабарлады Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасөз қызметі.Баспасөз қызметінің атап өткеніндей, бұған жақында Қарағандыда болып өткен «Халықаралық білім беру ? 2009» көрмесі үлкен септігін тигізген. Оны ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттар қауымдастығы мен Capital Education шетелдік білім беру агенттігі ұйымдастырған болатын. Онда университеттің 100-ден астам студенттері мен магистранттары болды. «Көрме барысында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры Рочерстер технологиялық институтының (АҚШ) өкілдерімен, Queen Mary Лондон университетінің үйлестірушісімен ынтымақтастық келешегі туралы әңгімелесті. Олар қарағандылық студенттердің осы жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктерін талқылады», ? деді Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасөз қызметінде.