Биылғы жылы Қарағанды облысының спортшылары 7 мыңға жуық медальды жеңіп алды

ҚАРАҒАНДЫ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының спортшылары биылғы жылы 600-ден астам әр түрлі рангтегі жарыстарға қатысып, 7 мыңға жуық медальды жеңіп алды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
None
None

«Облыс спортшылары биылғы жылы 617 әр түрлі рангтегі, соның ішінде 161 - халықаралық, 358 - республикалық жарыстарға қатысты. Барлығы жарысқа 50 мыңнан астам спортшы қатысты. 6 924 жүлдені, соның ішінде - 2 268 алтын, 2 130 күміс, 2 526 қоланы жеңіп алды», - деп алдын ала қорытындылады ведомствода.

Биылғы жылы облыста Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі 13 спорт шебері, 118 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 284 ҚР спорт шебері атағына үміткер, бір ҚР ұлттық дәрежедегі төрешісі және ҚР жоғарғы санатты бір төрешісі дайындалған. Төрт спортшы «ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алды және екі спортшы елде спорт және дене шынықтыруды дамытуға сіңірген еңбегі үшін марапатталды.

Қарағанды облысында 75 спорт түрі, соның ішінде 37 олимпиадалық спорт түрі кең тараған. ҚР Ұлттық құрамасының құрамына облыстың 986 спортшысы, соның ішінде 325 спортшы - негізгі құрамаға, 294 спортшы - жастар құрамасына және 367 спортшы - жасөспірімдер құрамасына енген.

Соңғы жаңалықтар