Биылғы жылы Көкшетау қаласында 20 мың шаршы метр жерге гүл егіледі (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Көкшетау қаласында 20 мың шаршы метр жерге гүл егіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің «Зеленстрой» ЖШС-да болған кезінде айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өз сөзінде аймақ басшысы «Зеленстрой» және «Жасыл Ел НС» ЖШС басшыларына өндірісті кеңейту қажеттігін айтты. Әсіресе, Көкшетау қаласын көгалдандыру мақсатында 20 мың шаршы метр жерге гүл егуді тапсырды. Осы ретте облыс әкімі отырғызылған гүлдердің әдемі болуына ерекше назар аудаур қажеттігін атап өтті.
Еске сала кетсек, 2015 жылы «Зеленстрой» ЖШС қала бойынша барлығы 16 мың шаршы метр аумаққа гүл отырғызған. Ал, «Жасыл Ел НС» ЖШС болса, 500 ағаш көшеттері мен 4 мың шаршы метр жерді гүлмен көмкерген.


Соңғы жаңалықтар