Биылғы жылы Маңғыстау облысында 13 нысан күрделі жөндеуден өтіп, оның 7-еуі «Жол картасы» бойынша жүзеге асты

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жол картасы» бойынша күрделі жөндеуден өткен 7 нысанға қарастырылған қаражаттың жалпы көлемі - 900,0 млн. теңгені құраған.
Аталған барлық нысандар бүгінде іске қосылып, пайдалануға берілді.
Әсіресе облыстық аурухананың «В» блогына жүргізілген күрделі реконструкциялық жұмыстың аяқталуы халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын едәуір көтеріп тастады.
Сонымен қатар, пациенттерге комфорттық жағдай жасалып, олардың ауруларынан айығуына дем беретін, №2 ауруханалық кешенге жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстары да аяқталды.
Жол картасы бағдарламасы аясында кем-кетігі жамалған нысандардың бірі - облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы. Оған 87 млн. теңге бөлінген.
Онан кейін 71,5 млн. теңгеге жөндеуден өткен облыстық стоматологиялық орталық , 30,5 млн. теңге бөлінген Бейнеу аудандық ауруханасы, Сайөтес дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуге 6 027,0 млн. теңге, 56,7 млн. теңгеге Оразақов атындағы облыстық туберкулезге қарсы шипажай ғимараты, жөндеу жұмыстарына 6,7 млн. теңге бөлінген №2 Ақтау қалалық емханасы ғимараты.
Сондай-ақ , «Жол картасынан» тыс 6 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлініп, барлығы іске қосылды. Олар - Ақтау қалалық босану үйі, облыстық балалар ауруханасы, облыстық туберкулезге қарсы диспансер, Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиохирургиялық бөлімшесі, Онды ауылы дәрігерлік амбулаториясы.