Биылғы жылы ШҚО-да ең алдымен халықтың өмірлік маңызды проблемалары шешілетін болады

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Шығыс Қазақстан облысында салалық басқармалар мен департаменттерінің бірқатар жұмыс кеңестері болып өтіп, онда өткен жылдың қорытындыларына талдау жасалды және ағымдағы жылға арналған басты міндеттер айқындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс әкімінің қатысуымен осындай кеңестер құрылыс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау, жолаушылар тасымалы және автомобиь жолдары, энергетика және коммунальдық шаруашылық басқармаларында болып өтті.Облыс әкімі Әділғазы Бергенов ағымдағы жылдың, айталық, құрылыс саласының міндеттерін айқындап, аймақтың сейсмикалық ерекшеліктерін ескере отырып. үлгілік жобаларды даярлау қажеттілігін атады. Аймақтың алдағы уақыттардағы құрылыс саясаты осыған негізделетін болады. Мұндай көзқарас тек бюджет ақшасын ғана емес, уақытты да үнемдеуге мүмкіндік береді.Құрылыс маусымының жақындап қалғанына байланысты аймақ басшысы нысандардағы жұмыстарға, әсіресе мемлекеттік тапсырыспен салынып жатқан нысандарға студенттік құрылыс жасақтарының әлеуетін барынша тарту жөнінде мердігерлерге өтініш білдірді.Сонымен қатар, кеңесте қала құрылысы саласындағы бірқатар көлеңкелі сәттер де аталып өтті.
Соңғы жаңалықтар