08:32, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
Биылғыдай қатты аяз Павлодарда осыдан 74 жыл бұрын тіркелген екен
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында қаңтардың 8-9-ы күндері тіркелген 41 градус шамасындағы қатты аяз сирек кездесетін құбылыс.

Павлодар метеоқызметінен хабарлағанындай, мұндай температура аймақта соңғы рет 1936 жылы тіркелген.
Қаңтар айының аязды күндерін облыстың төтенше қызметтері толық әзірлікпен қарсы алды. Бірнеше күнге созылған аяздың салдарынан қаладан шығатын барлық жолдар алты рет жабылды. 2009 жыл бойына облыс жолдарындағы қозғалыс 11 рет қана шектелген болатын.
Ағымдағы аптада температура бағаны көтеріледі, қар ұйтқып, боран соғады, деп хабарлады павлодарлық метеорология орталығының бөлім бастығы Галина Шпак. Бірақ та қаңтардың 14-інен кейін сақылдаған сары аяз қайта оралады.