Біз алдағы сайлау арқылы бүкіл әлемге халқымыздың прогресін, гүлденуі мен қуаттылығын танытатын боламыз - Н. Назарбаев
«Мен тек өз президенттігімде ғана емес, біздің еліміз дамуындағы тарихи факті болып қалуы үшін сайлау өткізу туралы шешім қабылдадым. Біз ЕҚЫҰ саммиті туралы мақтанышпен айтамыз, 27 мемлекеттің Азиадаға қатысуы үшін Қазақстанға келгенін қуана сөз етеміз. Біз осындай игі шаралар арқылы көптеген достар таптық әрі оларды қандай жағдай болса да жоғалтпауға тиіспіз. Олардың қолдауы біздің болашақ дамуымыз үшін аса қажет», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен бірге, Елбасы Қазақстан өзіне байланысты барлық мәселелерді жүзеге асыратынын айта келе, алдағы сайлаудың да еркін әрі әділ өтуі қажеттігін атап өтті. «Біз бүкіл әлемге халқымыздың прогресін, гүлденуі мен қуаттылығын танытамыз. Бүкіл әлем қуаты артып отырған ел әлеуетін, жасампаз миссияны, Қазақстан халқының бірлігін көретін болады», - деді Президент.
Сондай-ақ Елбасы 2012 жылға жоспарланған Парламент сайлауы да сондай негізде өтуі тиістігін атап өтті. «Бұл сайлаудан кейін Мәжіліс міндетті түрде 2 партиядан кем болмайтын өкілдермен жасақталады», - деді Н. Назарбаев.