16:10, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Біз бірлесе отырып, кез келген жаһандық, экономикалық, қаржылық өзгерістерге қарсы тұра аламыз - Н. Назарбаев
БОДРУМ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес мемлекеттерді ғаламдық экономикалық өзгерістерге
бірлесе қарсы тұруға шақырды. «Бүгін түркітілдес мемлекеттердің экономикалық мүмкіндіктері зор. Алты елдің ортақ ЖІӨ 1 триллион 200 миллиард АҚШ долларынан асты», - деді Н. Назарбаев бүгінгі Бодрум қаласындағы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің төртінші саммитінде.
Алайда, оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы тауар айналымында бес түркітілдес мемлекеттердің үлесі тек 6 пайызды ғана құрайды. Сондықтан, Мемлекет басшысы біздің елдер арасындағы тауар айналымды дамыту, ұлғайту және экономикалық байланыстарды нығайту қажет екенін атап өтті.
«Біз бірлесе отырып, кез келген жаһандық, экономикалық, қаржылық өзгерістерге қарсы тұра аламыз», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.