Біз біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруды жылдамдатуды қалаймыз - Н. Назарбаев

АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазақстан, Ресей және Беларус біртұтас экономикалық кеңістікті құруды жеделдетуді қалайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мемлекетаралық кеңесін 27 мәжілісінің шағын құрамдағы отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Ықпалдастықтың келесі кезеңі - біртұтас экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын құру туралы мәселе қарқынды пысықталып жатыр. Осыған байланысты Кедендік одақтың құқықтық базасын құру, біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша істелген ауқымды жұмыстары үшін біздің сарапшыларға айрықша алғыс айтқым келеді. Біз біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруды жылдамдатуды қалаймыз», деді мәжілісте Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар