20:12, 15 Мамыр 2009 | GMT +5
Біз дағдарыстан күшті және болашаққа сенімді болып шығамыз ? Мәжіліс депутаты В.Нехорошев
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Қазақстанның алдында тұрған барлық мәселелердің шешілуіне «Нұр Отан» ХДП бүгін өте маңызды мәлімдеме жасады деп есептеймін», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев

«Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезі жұмысынан алған әсері туралы айта отырып.
«Біз баяндамалардан еліміз алдында тұрған мәселелердің жергілікті жерлерде шешіліп жатқандығы туралы естідік. Бұлар ? жұмыссыздық мәселесі, өндірісті жаңарту, оның сапасын арттыру. Сонымен қатар бастауыш ұйымдардың рөлін күшейту жөніндегі партия ішіндегі мәселелер. Партияға жүктелген міндеттер өте ауқымды, ал сөйлеушілер қалыптасқан жағдайлардың барлығының шешімін табуға болатынын айтты. Бұл біздің көңілімізге сенім ұялатады, дағдарыстан кейінгі кезеңге біздер жаңарып, күшті және болашаққа сенімді болып шығамыз», - деді депутат.В.Нехорошевтың айтуынша, аймақтардан келген съезд делегаттарының көтеріңкі көңіл-күйі оған ерекше сенім береді.