Біз ел бірлігін одан әрі нығайта беруіміз қажет - Қ.Төлебаев, БҚО
Оның айтуынша, мұндай табыстарға Қазақстанның көпұлтты халқының ынтымақ-бірлігі, оның Елбасы саясатын толық қолдауы арқасында қол жеткізіліп отыр. «Бұл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланатын биылғы жылда да аса маңызды. Сондықтан ел бірлігін одан әрі нығайтып, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен келісімді беркіндіре беруіміз қажет. Бұған әрқайсысымыз үлес қосуымыз керек. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы да жұмысын осы тұрғыда ұйымдастыруда. Біздің барлық шарамыз ұлттар достығын нығайтуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталатын болады. Елбасымыздың мемлекеттік тілді елдің тегіс меңгеруі қажет екендігін атап көрсетуі де естен шықпақ емес. Қазірдің өзінде қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері аз емес. Ендігі міндет - осы саясатты әрі қарай жалғастыра беру», - деді Қ.Төлебаев.