Біз еңбекпен көгерген елміз - В. Косарев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек адамының жағдайын жақсарту - біздің ортақ ісіміз. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын партия өкілдері арасындағы теледебат барысында сайлаушыларға үндеуін жолдаған Қазақстан халықтық коммунистері партиясының өкілі Владислав Косарев осылай мәлімдеді.

Еске сала кетейік, пікірсайыс 3 раундтан тұрды. Алғашқы раунд «Әлемдік экономиканың нақтылығы: проблемалары мен перспективалары» деп аталып, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Екінші раундта саяси пікірсайысқа қатысушылар «Қазіргі жағдайдағы инфрақұрылым, көлік, логистика» тақырыбында қарсыластар өзара сауалдар қойды. Соңғы раундта пікірсайысқа қатысушы партиялардың өкілдері өз сайлаушыларына үндеу арнауына мүмкіндік берілген болатын.

«Біз еңбекпен көгерген елміз. Біздің арамыздағы қарапайым еңбек адамдары шахтер болсын, шаруа болсын еңбек арқылы қаһарманға айналған еді. Сондықтан да, ҚХКП басты мақсаты капитализмнен бас тарту. Біздің жолымыз жыртқыш капитализмнен бас тартып, қарапайым еңбек адамына қамқорлық жасау. Нағыз сайлау коммунистерге деген адамдар сенімін тағы арттырып, олардың қатарын көбейтуде. Партияның да үні өктем бола бастады. Біздің ортақ ісіміз - бұл еңбек адамының жағдайын жақсарту», - деді В. Косарев.

Соңғы жаңалықтар