17:31, 02 Маусым 2013 | GMT +5
Біз Еуропалық одақ пен Қазақстанның әріптестігін кеңейтуге мүдделіміз - Еуропалық комиссияның төрағасы
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Біз Еуропалық одақ пен Қазақстанның әріптестігін кеңейтуді көздейтін келіссөздердің жақын арада өткізілуін қалаймыз. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыған Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу осылай мәлім етті.

«Бүгінде біз Еуропалық одақ пен Қазақстанның әріптестігі туралы жаңа келісімшартқа ерекше мән беріп отырмыз. Сондықтан оның аясындағы келіссөздердің сәтті әрі жақын арада өткізілуін қалаймыз», - деді Жозе Мануэль Баррозу. Еуропалық комиссияның төрағасы атап көрсеткендей, аталған құжат бойынша ынтымақтастықтың барлық салаларын қамту қажет.
Айта кетейік, биыл Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толып отыр. Бүгінде Қазақстанның сыртқы саудасының тең жартысы Еуропалық одаққа тиесілі.